Василий Иванович Калинин (8 мамыр 1914, Ресей, Псков облысы, Гдов ауданы, Кузнецово деревниясы – 6 ақпан, 1982, Қарағанды) – физиолог, биология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1971).

Өмірбаяны Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) зоотехникалық-малдәрігерлік (1940) және ауыл шаруашылық (1952) институтын бітірген. Тәжік медицина институтында ассистент (1945–47)

Ленинград нейрохирургия институтында ғылыми қызметкер (1947–52)

Воронеж медицина институтында ассистент

Волгоград педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі (1952–67)

Қызылорда педагогика институтында (1967–79, қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) кафедра меңгерушісі.

Қарағанды мемлекеттік университетінде (1979–82) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ғылыми еңбектері Оның ғылыми еңбегі негізінен жануарлар физиологиясы мәселесіне арналған.

Дереккөздер

Санат:8 мамырда туғандар Санат:1914 жылы туғандар Санат:Псков облысында туғандар Санат:6 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1982 жылы қайтыс болғандар Санат:Қарағандыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан физиологтары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессорлары