thumb|right|200px| Инсульттан қайтыс болған адамның миы Инсульт ( — соққы, қыспа талу) — кенеттен басталатын ми ұлпасының және оның қабықшаларының зақымдалуы, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары тромбпен бітеліп қалады (тромбоз). Инсульттың басты себебі — гипертония ауруы, ми тамырларының атеросклерозы және қант диабеті. Оның пайда болуы қан айналысының тасуына байланысты. Көп ретте ауру адам кенеттен құлап қалады, есінен танады; оларда аяқ пен қолдың парезы (сал болуы) әдетте дененің бір жағынан басталады, тілі күрмеледі, алғашқы сағаттарда тыныс алуы бұзылып, денесі тырысады, құсады.

Көптеген ауру адамдарда инсульт кенеттен пайда болғанымен, осының алдында оның нышандары білінеді. Мәселен, гипертония ауруы және атеросклероз кезінде адамның басы айналады, миы зеңіп ауырады. Сырқаттың сырт киімін шешіндіріп, бас жағын көтеріңкіреп кереуетке жатқызу керек; адамның жатқан қалыптан қозғалмауы шарт. Дәрігерді дереу шақыру қажет. Мұндай науқаспен ауырған адам ерекше күтімді қажет етеді.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9 Инсульт түрлері ишемиялық инсульт Геморрагиялық инсультOxford Neurology book

Қауіп қатер факторлары Дереккөздер

Санат:Инсульт Санат:Патология