Бозтоған — Жетісу облысы Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылының батысында 17 км-дей жерде, Сарыбастау тауының солтүстік баурайында, боз, жусан, бетеге, көде, т.б. шөптесіндер өскен шөлейтті белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен842857 988 115,3 437 497 113,7 420 491 116,9

Тарихы Бұрынғы 23-партсъезд атындағы қызылша өсіретін кеңшар негізінде 1996 жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестіктер ұйымдасқан.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, мәдениет орталығы, дәрігерлік пункт, т.б. бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Көксу ауданы елді мекендері