Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғат ресурстарын, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруіге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты, минералдық ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады. Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған контракттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар Салықтық кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, ал жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері мен салықтарын - қосымша, жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізген кезде төлейді. Заңи және жеке тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды, сонымен бірге мемлекет мен- шігіндегі техногендік минералдық құрылымдарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын шетелдік тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын төлеушілер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушыларға белгіленген салық режімі жер койнауын пайдалануға Үкімет белгілеген тәртіппен жасалынған контрактта айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың екі моделі белгіленген: бірінші модель жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда Салықтық кодексте көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді; екінші модель жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін (беруін), сондай-ак салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығы, шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз, үстеме пайда салығы, жер салығы, роялти, мүлік салығы қосылмайды. Кен орындарын (кен орындар тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабелдігі төмен, коюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Бұл роялти, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі, өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асырушы жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі салық салудың екі моделіне сәйкес (контракттардың негізгі түрлерін негізге ала отырып) жер қойнауын пайдалануға контракттарда айқындалатын жер қойнауын пайдаланушылар үшін белгіленген салық режимінде жұмыс істей береді дегенді білдіреді. 2009 жылдан жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары: жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін:а) қол қойылатын бонусты; ә) коммерциялық табу бонусын; б) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді; пайдалы қазындыларды өндіру салығын; үстеме пайда салығын кіріктіреді. Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады. Жер қойнауын пайдалануға арнап жасалған контракттың түрлері мен шарттарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустардың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін: қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының контракт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады. Қол қойылатын бонус төлеушілері Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ак Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай контракттардың бірін: барлауға арналған контрактты; пайдалы казындыларды өндіруге арналған контрактты жасаскан жеке немесе заңи тұлға болып табылады. Қол койылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасасқан әрбір контракт үшін айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерлерінде жеке белгіленеді. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзырлы органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлшерін жер койнауын пайдалану құқығын алуға өткізілген конкурстық нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер қойнауын пайдаланушымен тура келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзырлы орган белгілейді және ол жер қойнауын пайдалануға арналған контрактқа кіріктіріледі. Қол койылатын бонус бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынандай мерзімдерде: белгіленген соманың елу пайызы - салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде,қалған белгіленген елу пайызы жер қойнауын пайдалануға арналған контракт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді. Коммерциялық табу бонусын контракт аумағындағы пайдалы казындыларды әрбір коммерциялық табу үшін, соның ішінде бастапқыда белгіленген алынатын пайдалы казындылар корларын ұлғайтуға алып келетін кен орындарың қосымша барлау жүргізу барысындағы, табу үшін жер; койнауын пайдаланушы төлейді. Коммерциялық табу бонусының салық салу объекті пайдалы қазындылар қорларының нақты көлемі болып табылады. Коммерциялық табу бонусынын сомасы салық салу объектінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негіз шие айқындалады. Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша төленеді. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жер қойнауын пайдалануға арналған контракт жасасқанға дейін тиісті контракт аумағын геологиялық зерттеу мен жайластыруға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемі болып табылады. Бұл шығындардың сомасын Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган есептейді және ол салық заңнамасының кағидаларына сәйкес бюджетке төленеді.Тарихи шығындар сомасының бір бөлігі (1,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерде) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдері түрінде, калған бөлігі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түрінде бюджетке төленуге жатады. Пайдалы қазындылирды өндіру салығы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін минералдық шикізат, мұнай, жерасты сулары және емдік балшықтың әрбір түрі бойынша ақшалай нысанда жеке төленетін салық. Салықтың төлеушілері жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жекелеген контракт шеңберінде техногендік минералдық құрлымдардан алынған пайдалы қазындыларды қоса алғанда, мұнайды, минералдық шикізатты, жерасты суларын және емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың,газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы казындыларды өндіруге салық салу объекті, ал бұл көлемнің құны салық базасы болып табылады. Құн өндірілгентауарлы шикі мұнайдың, газ конденсатыныңжәнетабиғи газдыңкөлемі мен салық кезеңіне есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындалады. Өндірілген минералдық шикізаттың,мұнайдың жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазындылары өндіру салығы жүргізілетін өндіру түріне қарамастан салық заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен төленеді. Пайдалы қазындыларды өндіру салығын есептеу үшін жер койнауын пайдалануы Салықтық кодексте келтірілген шэкілге сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген контракт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені колданады. Пайдалы казындыларды өндіру салығының құрамына: мұнайға арналған пайдалы қазыналарды өндіру салығы, кең таралған пайдалы қазындыларды коспағанда, минералдық шикізатқа пайдалы казындыларды өндіру салығы және кең таралған пайдалы казыналарға жерасты суларға және емдік балшықтарға, пайдалы казындыларды өндіру салығы кіріктіріледі. Шикі мұнайға пайдалы қазындыларды өндіру салығының мөлшерлемелері газ кондесатын қоса алғанда, тіркелген тұлғанымда жылдық өндіру көлеміне қарай (10 мөлшерлеме,өндіру ауқымы 250 мың тоннаға дейін және 10 млн.тоннадан жоғары) 7%-дан 20%-ға дейінгі шэкіл бойынша белгіленеді. Қазақстан Республикасының ішкі рыноғында шикі мұнай мен газ конденсатын өткізген және (немесе) берген, соның ішінде мемлекет атынан алушыға пайдалы казындыларды өндіру салығын, экспортка рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне заттай нысанда берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендетілген коэффициент қолданылады. Табиғи газға пайдалы қазындыларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10%ды құрайды.Ішкі рынокта табиғи газды өткізген кезде жылдық өндіру көлеміне қарай: 1,0 млрд. текше метрге дейін қоса алганда - 0,5%, 2,0 млрд. текше метрге дейін - 1,0%, 2,0 млрд. текше метрден жоғары - 1,5% мөлшерлемелер бойынша төленеді. Минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы казындылар босалқы корларының нақты (физикалық) көлемі (айналыстан шыққын босалқы қорлардың салық салынатын көлемі) минералдық шикізатқа (қара,түсті және радиоактивті металдар кендері (рудалары); металдар; күрамында металдар бар минералдық шикізат, сондай-ақ сирек ездесетін металдар,шашыраңқы металдар, радиоактивті металдар, бейметалдар, қымбат бағалы тастар, жасанды тастар,техникалық тастар) салық салу объекті болып табылады. Салық кезеңіндегі орташа биржалық бағаны немесе алғашқы кайта өңдеуден (байытудан) өткен минералдық шикізатты өткізуден безбенделген бағасын тигізе ала отырып,салық кезеңінде минералдық шикізаттың құрамында пайдаланылаты н айналыстан шыққан қосалқы қорларының салық салынатын көлемінің құны пайдалы казындыларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Мөлшерлемелер ауқымы тым кеңтас көмір мен жанғыш тақ-тастар үшін белгіленген нөл пайыздан уран үшін белгіленген 24 пайызға дейін (ең жоғары). Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы казындылардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объекті, оларды өткізуден безбенделген бағасын негізге ала отырып,осы көлем құны салық базасы болып табылады.Салықтың мөлшерлемелері 2,5%-дан 10,6%-ға дейінгі мөлшерлерде белгіленген. Пайдалы қазындыларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.Салықтөлеуші салықтың есептелген сомасын орналаскан жері бойынша бюджетке салық кезеңінен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазындыларды өндіру салығы жөніндегі мағлұмдаманы орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей береді. Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы - салыстырмалы жақсы табиғи жағдайлардағы қызметінен алынған немесе рыноктың салысты рмалы жағдайындағы шығарылған өнімді сатудан алынған косымша пайда үшін төленетін төлем, яғни белгіленген нормативтен тыс алынған табыс үшін төлем. Кең таралған пайдалы казындыларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға, барлау мен өндіруге немесе өндіруге, барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған контракттардың негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер койнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.