Ащыкөл — Ойыл өзенінің сағасындағы көл.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының қиыр оңтүстігінде, Жалтыркөл көлінінің батысында орналасқан көл.
Гидрографикасы Аумағы 4,22 км2, теңіз деңгейінен 7,6 м төменде жатыр. Көлдің ұзындығы 3,7 км, ені 1,7 км, жағалауының ұзындығы 13,2 км. Жағалауы жайпақ, қамыс-құрақ ескен. Негізінен Ойыл өзенінің суымен толығады. Көктемде шарасынан шығып жайылып кетеді. Қарашаның 2- жартысында қатып, сәуірдің басында мұзынан арылады. Жаз айларында құрғап қалады. Суы тұзды. Көктемде Ойыл өзеніне таман аздап тұщыланады. Жағалауы шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Ақжайық ауданы көлдері Санат:Ойыл су алабы көлдері