Әзекен Кәрімұлы Бірімжанов (1921 жылы туған) — маман-экономист, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Өмірбаяны ҚазМУ-дің экономика факультетін бітірген.
1946-1974 жж. - ұжымшар, кеңшар шаруашылықтарында, МТС-та істеген. Жаңақала, Фурманов және Казталов ауданында экономист жұмыстар саласында басшылық қызмет атқарған.
1974-1996 жж. - Орал ауыл шаруашылық институтының экономика факультетінде оқытушы болды.
Ғылыми еңбектері Шаруашылық есебі, коллективтік мердігерлік және aуыл шаруашылық кәсіпорындарында еңбекақы төлеуді жетілдіру мәселелеріне арналған ғылым еңбектердің авторы.
Марапаттары 1, 2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер