Бірінші кәсіптік мектеп — Орал қаласындағы бастауыш кәсіптік білім беретін оқу орны. 1940 ж. 2 қазанда 6 фабрика-зауытқа еңбек резервтерін даярлайтын мектеп (ФЗО) ретінде ашылған. Оның алғашқы түлектері оқу бітірісімен (1941) соғысқа аттанды. Кейінгі жылдары оқу орнының атауы бірнеше рет өзгерді. 1996 ж. ≪1-кәсіптік мектеп≫ деп аталды. Мұнда негізінен байланыс, техника жабдықтарға қызмет көрсету, өнеркәсіп салаларының мамандары, атап айтқанда, жөндеуші-слесарьлар, электр монтерлары, сантехниктер мен радиомеханиктер даярланды. Мектепте сабақ беретін инженер-педагог мамандардың 8-і білім беру ісінің үздігі, 12-сі жоғары білікті оқытушы. Мектеп оқушылары қоғамдық жұмыстарға, спорт секцияларына белсене қатысады. Әсіресе олар қалалық, республика жарыстарда армрестлингтен, футболдан, жеңіл атлетикадан, көпсайыстан, т.б. жыл сайын жүлделі орындар алып жүр.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:География