Кеңтүбек (2002 жылға дейін – Григорьевка)Баспасөзге шолу — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Кеңтүбек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Шыңғырлау (Утва) өзенінің сол жағалауындағы бетеге, сұлыбас, боз басым өскен шалғынды-қоңыр, қарақоңыр топырақты, орманды дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 909 адам (457 ер адам және 452 әйел адам) болса, 2009 жылы 962 адамды (472 ер адам және 490 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 966 адамды (488 ер адам және 478 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1936 жылы "Красный маяк" астық өндіру ұжымшары ретінде қаланды. Ұжымшар негізінде 1997 жылдан Григорьевкада және округтегі Ким, Пролетарка стансасында бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік емхана бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Бөрлі ауданы елді мекендері