Тайпақ магистральды каналы – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ең үлкен жасанды су арнасы. 1961 жылы іске қосылды.

Гидрологиялық сипаты Каналдың ұзындығы 32,3 км. Су шығыны 13 м/сек. Канал Дөңгелек бөгенінен шығып, аудандағы Алмалы, Қызылжар ауылдары аумағында орналасқан 46, 49-Бесағаш, Қоскөл, жасанды көл табандарын суландырады. Мал суаратын 6 тоған бар.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Батыс Қазақстан облысы каналдары