Сұлтанғазин Әнуарбек Жәлелұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылауы және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы.
1956 ж. 20 қарашада Қорған облысы Тобыл маңы ауданы (РКФСР) туған. 1983 ж. Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының докторы (2000).
1974 ж. - электрші, Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген.
1978-92 жж. - Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ студенті, комсомол комитеті хатшысының орынбасары, хатшысы, стажер-зерттеушісі, оқытушысы.
1992-94 жж. - Қарағанды қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары.
1994-97 жж. - Қарағанды облысы қаржы басқармасының бастығы.
1997 ж. - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
1997-99 жж. - ҚР Қаржы министрлігінің қаржы жүйесі кадрларын дайындау мен қайта дайындау және қызметкерлермен жұмыс жасау департаментінің директоры.
1999-2000 жж. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің кадрлармен жұмыс жасау департаментінің директоры.
2000-01 жж. - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
2001 ж. - ҚазМБА филиалының (Астана) доценті міндетін атқарушы.
2001-06 жж. - Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі.
2006 жылдан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылауы және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы. «Аймақтық әлеуметтік саясаттың қаржы негіздері» (1999), «Өтпелі тұрпаттағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының жүзеге асуының экономикалық аспектілері» (1999) кітаптарының авторы.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар