Теңіз қояны () – нағыз итбалықтар тұқымдасына жататын ескекаяқты сүтқоректі жануар.
Дене ұзындығы 2,2-2,4 м, салмағы 225-320 кг. Бетінде ұзын вибриссорлары бар. Жас итбалықтар, (ұзындығы 115-130 см) түгі қалың, жұмсақ, сұрғылт-қоңыр. Ареалы - арктикалық сулар мен соған жақын Тынық және Атлант мұхиттарының теңіздері; ТМД-да, Қиыр Шығыс пен солтүстік теңіздері. Қорегі - шаянтәрізділер, ұлулар, құрттар. Буаздылығы 10-11 ай. Саны 500 мыңдай. Аулау шектеулі, Охота және Беринг теңіздерінде жүргізіледі.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Нағыз итбалықтар