Өкен Ахметбекұлы Аманбеков (1937 ж. т.) – медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1995).
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
Қарағанды медициналық институтын (1960, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы) бітірген соң Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, лаборатория және бөлім меңгерушісі (1960–1994), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Кәсіби аурулары республикалық клиникасының директоры (1994–2002) қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық ортаның бөлім меңгерушісі. 1993 ж. «Условия формирования, течение и профилактика вибрационной болезни горнорабочих угольных шахт» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақ энциклопедиясы
Шығармалары Аманбеков 170-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның («Нейрофизиологические аспекты перестройки центров спинного мозга в условиях трудовой деятельности у шахтеров», 2000; «Клиника, диагностика и профилактика профессиональной полиневропатии», 2003) авторы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1937 жылы туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар