Таулы Бадахшан автономиялы облысы (, ) — Тәжікстан шығысында орналасқан құрамындағы облысы, елдегі жалғыз автономиясы бар әкімшілік бірлік.
Географиясы Солтүстігінде Қырғызстанның Ош облысымен, шығысында Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен, оңтүстігінде Ауғанстанның Бадахшан провинциясымен, батысында және солтүстік-батысында Тәжікстанның республикалық бағынысты облыстарымен және оңтүстік-батысында елдің Хатлон облысымен шектеседі.
Таулы Бадахшан автономиялы облысында ең биік қыраттар мен елдің ең үлкен мұздықтары, ең биік орналасқан елді мекендер (4000 метрге дейін) бар. Аймақ мұздықтарынан Орта Азияның барлық өзендері дерлік бастау алады.
Таулы Бадахшан облысында елдің және КСРО-ның ең биік шыңы — Исмаил Ибн Ахмед Самани құрметіне аталған Исмаил Самани шыңы (7495 м) орналасқан.
Тарихы Кеңестік дәуірі (1925–1991) Тәжікстандық Бадахшан қазіргі Батыс шекараларымен және Ресейдің ГБАО атауымен 1925 жылы автономиялы республика ретінде құрылды.
Кейінірек 1929 жылы ол Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасының (Тәжік КСР) автономиялық облысы болып өзгертілді. Кеңестік шығыстанушы ғалымдардың халықтарды жіктеуге құмарлығы кеңестік этногенезде басқалардың қатарында памирлік немесе «тау тәжіктері» жеке категориясының бекітілуіне әкелді. Аймақтың КСРО шекарасында орналасуынан ол жерде білім беру жүйесі, транспорт сапасы жақсы болды, бұл — аймақтың КСРО-ға «жақындығын» орнату үшін жасалған стратегия болып саналады.
Тәуелсіздік, Азаматтық соғыс (1991–1997) 1992 жылы Тәжік азамат соғысы басталғанда Таулы Бадахшандағы жергілікті билік Тәжікстаннан тәуелсіздігін жариялады. Көптеген саяси белсенді памирліктер кейін Тәжікстандағы азамат соғысы кезінде аймаққа автономия мен демократиялық билікті талап еткен «» демократиялық саяси қозғалысына қосылды. 1997 жылы «Лаъали Бадахшон» Біріккен Тәжік Оппозициясының құрамына кірді. Осы себеппен соғыстан кейін ол мүлдем Тәжікстанның саяси өмірінен шеттетілді, Таулы Бадахшан өзі жариялаған тәуелсіздігін тоқтатты.
Саяси қақтығыстар (2012–) 2012, 2014, 2018, 2021 және 2022 жылдары бірқатар күшті қақтығыстар мен шерулер орын алды. 2022 жылдың 18 мамырында бастаған 200-ге жуық үкіметке қарсы демонстранттар Рушонда облыс орталығы Хорог қаласына апаратын жолды жауып тастады.
2022 жылдың мамыр айында Тәжікстан үкіметінің әскерлері оппозиция өкілі Гүлбиддин Зиёбековтың азапталып, өлтірілуіне наразылық білдірген 20 астам бейбіт тұрғынды өлтірді. Кейін көптеген наразылық білдірушілер, сонымен қатар журналистер мен құқық қорғаушылар ұсталды. Кейбір құқық қорғаушылар жағдайды «этникалық тазарту» деп сипаттайды. Үкіметтің өзі жағдайды «антитеррорлық операция» деп атаған.
Климаты Аймақ климаты қатал, шұғыл континентті, қыста Тәжікстандағы ең төменгі температура осында байқалады. Пайдалы қазбалар — сирек және қымбат металдар, тау хрусталі, өңделетін тастар, көмір, асбест, слюда мен басқа да минералдық шикізаттар бар екені Таулы Бадахшанда өте ежелгі заманнан бері белгілі болған 50-ден астам ыстық және емдік қасиеті бар суық бұлақтар белгілі. Кен байлықтары Тәуелсіздіктен бері Таулы Бадахшаннан көптеген асыл тастар — түрлі түсті скаполиттер, бал түсті сфендер, көгілдір және түтін түстес топаз, аквамариндер, ірі сұлу кристаллдар түріндегі, кез келген мұражайдың сәні бола алатын турмалиндер табылды. Өңдеуге жарамды скаполит Танзания мен Бразилия үлгілерінен ғана белгілі болған еді, енді ол Тәжікстаннан табылды.
Тау хрусталі мен құрылыс материалдарының кейбір кен орындары игерілуде. Арнайы экспедициялар қымбат бағалы тастарды іздеу, барлау мен өндіру жұмыстарын жүзеге асырады, ол асыл тастар Душанбедегі зергерлік бұйымдар зауытында өңделеді.
Аймақтың бай су энергетикалық ресурстары (олардың қорлары республикалық қордың 20%-ын құрайды), минералдық-шикізат ресурстары жетуге қиындығы мен қатал табиғат-климаттық жағдайларына байланысты әзірше жеткіліксіз игерілген.
Облыста таулы жер бедерін игерудің қиыншылықтары әзірше автомобиль көлігін ғана (республикадағы 17%-ы) дамытуға мүмкіндік береді. Дүние жүзіндегі ең күрделі трасса — Шығыс Памир тас жолы (Ош-Хорог) Таулы Бадахшан автономиялық облысын басқа дүниемен байланыстырады.
Күрделі табиғи-климаттық және көліктік жағдайлар елдің экономикалық жағынан дамыған орталықтарынан шалғайлығы мен бөлектігі облыс экономикасына із қалдырды. Негізінен, ауыл шаруашылығы (оның өнімдерінің үлесі 70%-ды құрайды) оның ішінде мал шаруашылығы (ауыл шаруашылғы өнімдерінің 70%-нан астамын береді) басым дамыды. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің 97%-ын жайылымдар мен шабындықтар құрайды. Сондай-ақ картоп және темекі өсірудің де маңызы зор.
Әкімшілік бөлінісі Облыс құрамына бір қала — Хорог, жеті аудан, төрт қалалық типтегі кент және 42 ауылдық қауымдастық кіреді:
+Таулы Бадахшан автономиялы облысы № Әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің атауыХалқы(01.01.1992) мың адамХалқы (01.01.2015) мың адамХалқы (01.01.2022) мың адам Ауданы мың. км² тығыздығы адам./км² 1 қала Хорог21,5 28,931,1 2 Ванч ауданы22,7 31,934,4 4,4 7,8 3 Дарваз ауданы18,8 22,023,5 2,8 8,4 4 Ишқашым ауданы21,5 30,830,6 3,7 8,3 5 Мұрғаб ауданы13,9 14,416,5 37,3 0,4 6 Роштқала ауданы21,3 25,728,1 4,3 7 Рушан ауданы19,7 24,826,5 5,9 6,0 8 Шугнан ауданы32,6 35,839,5 4,6 8,6 Барлығы172,0 214,3230,1 64,1 3,7
Әлеуметтік нысандары Аймақ тұрғындарының дәстүрлі тұрғын үйлері - терезесіз тастан немесе балшық кірпіштен салынған, жалпақ шатырлары және оюлармен безендірілген ағаштан жасалған сатылы күмбездері бар үйлер. Жергілікті халық ағаш оюмен, тоқымашылықпен, тоқумен және былғары мен матадан кесте тігумен айналысады.
Облыста 19 мектепке дейінгі мекеме, 318 күндізгі жалпы білім беретін мектеп, медициналық училище және бір жоғары кәсіптік білім беру мекемесі бар. Әмбебап кітапхана, 183 клубтық мекеме, 2 кинопроекциялық бөлім, 1 театр және 1 мұражай халыққа мәдени-ағартушылық қызмет көрсетеді. Сонымен қатар 36 аурухана, медициналық қызметті барлық мамандықтағы 367 дәрігер және 1052 орта медициналық қызметкер көрсетеді. Гарм-Чашма ыстық минералды бұлақтарында санаторий жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:География Санат:Тәжікстан географиясы