Раиса Садыққызы Аманжолова (18.05.1918 ж.т., Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылы) - 15.04.2014 Алматы. Медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1977).
Самарқан медициналық институтын бітірген (1939). КСРО Ғылым Академиясы Қазақ бөлімшесінің Өлкелік патология институтында кіші ғылыми қызметкер (1944–46), Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті) ассистент, доцент (1946–61), ал 1973 ж. кафедра меңгерушісі, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында осы кафедраны басқарды (1961–66). Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы (1966–73).
Аманджолова ана мен құрсақтағы нәресте арасындағы иммундық биология заңдылықтарын ашып, болашақ ананың аяғы ауыр кезінде және босанарда болатын асқынуларға қарсы арнайы шаралар жүйесін ұсынды, организмдегі патология үдерістер патогенезі жөнінде болжамдарын негіздеді.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1918 жылы туғандар Санат:Алматы облысында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар