Бумакөл — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Бумакөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде, Жайықтың сол саласы - Шыңғырлау (Утва) өзенінің оң жағалауында, өзімен аттас көлдің жағалауындағы әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өскен қызылқоңыр топырақты орманды дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 773 адам (372 ер адам және 401 әйел адам) болса, 2009 жылы 714 адамды (355 ер адам және 359 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 619 адамды (306 ер адам және 313 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1936 жылы Тельман атындағы астық өсіру кеңшары ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Бумакөлде және округтегі Облавка және Утвинка ауылдарында 2 серіктестік пен 2 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта, негізгі және бастауыш мектептер, мәдениет үйі, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория мен 2 фельдшерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Бөрлі ауданы елді мекендері