Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наурызда дүниеден өтті.
1950 жылы Қарағанды педагогика институтын бітірген. Біраз жыл халық ағарту саласында қызмет істеген. 1973 жылдан «Жаңарқа» газетінде бөлім меңгерушісі болған. Жаңаарқа ауданында, «Жаңа Арқа» — «Новая степь» газетерінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Шығармалары 1946 жылдан жариялана бастады. Тұңғыш "Келіншек" повестер жинағы 1968 жылы жарық көрген.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Шығармашылығы Бірнеше повесть, әңгімелер жинақтары шыққан. Республикалық әдеби конкурста «Тергеу әлі аяқталған жоқ» атты повесі екінші бәйге алған. Келіншек. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Сең бұзылғанда. Повесть, әңгімелер. А., «Жазушы», 1968; Қайырлы сапар. Повесть. А., «Жазушы», 1977; Жұмысшы әулеті. Повесть. А., «Жазушы», 1981; Құт құбыры. Деректі повесть пен әңгімелер. А., «Жалын», 1982; Ақ жол. 2005.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Дереккөздер
Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:2004 жылы қайтыс болғандар