thumb Қуат Бәкірұлы Қожахметов (1973 ж. 2 мамырда Алматы қаласында туған) - «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Өмірбаяны 1994 ж. ҚазМБА-ны бітірген, экономист. 1994 ж. - ҚР Ұлттық банкінің банк қадағалауы департаменті банк қызметін реттеу басқармасы қаржылық талдау бөлімінің жетекші экономисі. 1995 ж. - ҚР Ұлттық банкінің банк қадағалауы департаменті банк қызметі басқармасы нормативтік реттеу бөлімінің бас экономисі. 1996 ж. - ҚР Ұлттық банкі банк қадағалауы департаменті № 2 банк қадағалауы басқармасы инспекциялау бөлімінің бастығы, № 1 банк қадағалауы басқармасы бастығының орынбасары. 1998 ж. - ҚР Ұлттық банкінің банк қадағалауы департаменті методология және талдау басқармасының бастығы. 1999 ж. - ҚР Ұлттық банкінің қызметкерлермен жұмыс департаментінің директоры. 2001 ж. - «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2004-06 жж. - «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасы.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X Жеке қөзқарастары Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.К. Ататүрік, Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемдік аренада беделі бар мықты демократиялық мемлекет». Хоббиі - футбол, суда жүзу, кітаптар. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи кітаптар. Үйленген. Жұбайы - Нұрмағамбетова Айсұлу Николайқызы (1974 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Қызы - Қожахметова Томирис Қуатқызы (1996 жылы туған).

Дереккөздер

Санат:2 мамырда туғандар Санат:1973 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан банкирлері