Сұрақ - сөйлеушіге белгісізді тыңдаушыны хабарлауға итермелейтін сөйлем не сөйлеушінің анықтама алу ұшін талабы. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9 Алтернативті сұрақ - берілген екі салыстырманың тек біреуін нақтылауды ұсынатын сұрақ түрі (Бұл ақ па, әлде қара ма?). Лепті сұрақ - лингвостилистикалық мақсатта сұрак формасында берілетін сөйлем. Қарсы сұрақ - жауап орнына қарсы койылатын сұрақ. Вторичный сұрақ - сөйлем мұшелерінің біріне арнайы қойылатын сұрақ. Қосарлы сұрақ - Әр септікте келген екі сұрау есімдігі бар сұрақ; Алтернативті сұрақ пара-пар. Делиберативті сұрақ - өз өзіне қойылған сұрак (Не жасасам екен?). Жанама сұрақ - төлеу сөзде берілген сұрак. Үстеулі сұрақ - құрамында сұрау есімдігі бар сұрақ. Тура сұрақ - сөздің өз мағынасындағы сұрақ, акпаратты тыңдаушыға бағытталған сұраулы сейлемнің мазмұны. Жалпы сұрақ - мақұлдауды не жоққа шығаруды талап ететін сұрақ. Тура сұрақ - грамматикалық түрде сұраулы сөйлем ретінде жасалған сұрак (Бұл жұмыс қаншаға созылмақ?). Айырма сұрақ (дизъюнктивті) - Алтернативті сұрақ; Екі - ашық не қысқа бөліктен тұратын, қысқарған бөлігі ерекшелендіретін соңғысына қарама-қарсы формада берілген эмфатикалық сөйлем. Риторикалық сұрақ (эротема)- тыңдаушының ерекше назарын аудару үшін не эмоционалдылықты баса көрсету үшін болымды не болымсыз сөйлемге сұрақ формасын беру. Арнайы сұрақ - тура қандай ақпарат қажет екендігін көрсететін сұрау есімдігі бар сұрақ. Болымды сұрақ - болымды сөйлем түрінде берілген, бірақ сұраулы сөйлем интонациясымен айтылатын сөйлем. Анық (толық) сұрақ - сөйлеуші жауаптың қандай болатындығын сезбей сұрау формасында берілген бірақ жай болымды сөйлемге жуықталған сұрақ. Сұраулы - сұрақты білдіретін, сұрақты білдіруге қолданылатын.

Тағы қараныз: Сұрау белгісі Леп белгісі

Дереккөздер

Санат:Лингвистика