thumb|right|200px| Білісбек Әбдіразақ (30 желтоқсан 1968 жыл, ҚХР, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Күнес ауданы, Шалкөде деген жері) - ақын.
1990 жылы Іле педагогика институтының тіл-әдебиет факультетін тамамдады.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 1990-1999 жжылдары Шыңжаң Ұйғыр Автомиялық Республикасының Іле Қазақ облыстық әдебиет-көркем өнершілер бірлестігінің «Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу қоғамында» іс жүргізуші, жауапты хатшы міндеттерін атқарды. 1999 жылы қыркүйек айында ата жұрты — Қазақстанға көшіп келген. «Мен жалындап өтемін» жыр жинағының авторы. Мерзімді баспасөзде өлең, поэма, ғылыми-зерттеу еңбектері жарияланып тұрады.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:30 желтоқсанда туғандар Санат:1968 жылы туғандар Санат:Шыңжаңда туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қытай қазақтары