Георгий Васильевич Наумов (1904, Орал қаласы - 1944, Украина.) - Кеңес Одағының Батыры (22.02.1944Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 22 февраля 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 5 марта (№ 13 (273)). — С. 1). Кіші лейтенанттар даярлайтын курсты бітіріп, 276-гвардиялық атқыштар полкінің взвод комаңдирі болған. 1943 ж. 92-гвардиялық атқыштар дивизиясының лейтенанты Наумовқа Днепр өзенінің оң жағалауына өтіп, полктің команда пунктімен байланысты қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді. Түнгі ұрыста бірнеше рет жараланып, оның жолдастары қаза тапты. Наумов ауыр жарақаттанғанына қарамастан, үзіліп қалған байланыс сымын жалғап, ерлік көрсетті. Оның есімімен Ресейдің Орынбор облысындағы Теплое селосында көше аталды, ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1904 жылы туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар