Жапырақаяқтылар () — желбезекаяқты шаянтәрізділер отряды карапаксы жоңқақақпалы екі жақты шатыр немесе қос жаппалы бақалшық тәрізді — фасетті көздері сабақсыз. Кеуде аяқтары жапыраққа ұқсас. Құрсағы жетілмеген. Негізінен тұщы суларда 560 тақау түрлері бар — олардың арасында теңіздерде өмір сүретін түрлер кездеседі. 3 отряд тармағына жіктелген; қалқандылар — бақалшықты жапырақаяқтылар және тармақмұрттылар.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Сипаттамасы
Дене тұрқы 5 мм-ден 3 см-ге дейін. Бас бунақтары бірігіп кеткен. Бұлар денесін жауып тұратын жалпақ қалқанының (карапакстың) немесе қос жақтаулы бақалшағының болуымен ерекшеленеді. Көп бунақты кеудесіндегі жапырақ тәрізді қос тармақты аяқтары болады, солармен жүзеді, тыныс алады, қорегін аузына қарай жылжытады. Құрсақ бунақтары жойылуға жақын. Бұлар: қалқанды шаяндар (Notostraca), бақалшақты жапырақаяқты шаяндар (Conchostraca) және бұтақмұртты шаянтәрізділер болып үш отряд тармағына бөлінеді. Қалқанды шаяндардың 9 түрі белгілі, олардың Қазақстанда 3 түрі анықталған. Бақалшақты жапырақаяқты шаяндардың 150-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда арнайы зерттеулер жүргізілмегенмен, зоопланктонды 2 түрі анықталған.Қазақ энциклопедиясы,3 том
Дереккөздер
Санат:Желбезекаяқты шаянтәрізділер