Әбдуәли Қарағұлов (20 қазан 1909, Ақтөбе облысы, Алға ауданы – 20 қаңтар 1999, Алматы) — журналист. Бұрынғы қазақ коммунистік журналистика институтын бітірген (1939). 1926–1930 жылдары ауданында Кеңес партия органдарында қызмет атқарған. 1931–1932 жылдары Ақтөбе ауданында "Алға" газетінде бөлім меңгерушісі, 1934–1936 жылдары Ақтөбе облыстық "Социалистік жол" газетінің жауапты хатшысы, 1939–1941 жылдары ҚазТАГ директорының 1- орынбасары. 1941–1944 жылдары Қарағанды облысында "Советтік Қарағанды" газетінің редакторы, 1944–1946 жылдары Қазақстан К(б)П ОК Үгіт және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген. 1946–1953 жылдары "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газеті редакторының орынбасары, 1953–1956 жылдары Қазақстан КП ОК-нің насихат және Үгіт бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1957–1958 жылдары "Жаңа өмір" журналының бас редакторы, 1958–1959 жылдары ҚР Министрлік Кеңесі жанындағы радио және телевизия комитеті председателінің орынбасары, 1959–1973 жылдары Алматы облысында «Жетісу» (1964 жылға дейін «Коммунизм таңы») газетінің редакторы қызметтерін атқарған. Қарағұлов көптеғен публицистикалық ғылыми мақалалардың, очерк, фельетон, сын-сықақ, әзіл-әңгімелердің авторы. Екі рет Еңбек Қызыл Ту, "Құмет белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталған.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер