Бәтима Батырбекова (5.12.1928, Түркістан облысы Созақ ауданы - 25.3.1987, Алматы) - ақын.

Түркістан педагогика училищесін (1945), Шымкенттегі екі жылдық мұғалімдер институтын (1947), ҚазҰПУ-ды (1956) бітірген. 1941-44 жылдары, 1947 - 62 жылдары, Оңтүстік Қазақстан облысында орта мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, директоры, аудандық партия кабинетінің бөлім меңгерушісі, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі 1962 - 68 жылдары Алматыда орта мектепте мұғалім, мектеп-интернатта тәрбиеші 1968- 83 жылдары Қазақ кеңес энциклопедиясы бас редакциясында ғылыми редактор қызметтерін атқарған. Тұңғыш жыр жинағы "Сал-салбілек" 1966 жылы жарық көрген. "Ашылды гүлдер" (1969), "Жарқыра күнім" (1973), "Қосалқа" (1976), "Әрқашан күн сөнбесін" (1977), "Іңкәрім менің" (1979), "Күміс алқа" (1980), "Мизам-шуақ" (1983), "Аққу арман" (1986), т.б. жыр жинақтарының авторы. Ақынның балаларга арналған жырлары "Подарок малышам" (1969) деген атпен орыс тіліне аударылып басылған.“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:5 желтоқсанда туғандар Санат:Созақ ауданында туғандар Санат:25 наурызда қайтыс болғандар Санат:1987 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Түркістан педагогикалық училищесі түлектері Санат:Шымкент екі жылдық мұғалімдер институты түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық энциклопедиясы қызметкерлері