Қабиболла Қабенұлы Жақыпов (16 қыркүйек 1949, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық және кеңестік мемлекеттік қайраткер, 2007 және 2016 жылдар аралығында Мәжілісмен, оның ішінде 2014—2016 жылдары Төрағасы.
Өмірбаяны 1949 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовка ауылында дүниеге келді.
Білімі 1972 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын “инженер-құрылысшы” және 1989 жылы Алматы жоғары партия мектебін “саясаттанушы” мамандықтары бойынша тәмамдады. 1996 жылы “Әктас-қабық жыныстарының тасты кесу қалдықтарына негізделген қаптау материалдары” тақырыбында жоба қорғап, техника ғылымдарының кандидаты атанды.
Мансабы Еңбек жолын 1966 жылы туған жерінде Казталов аудандық байланыс торабының монтажшысы ретінде бастады.
1972 жылы «Оралсельстрой» тресінің ПМК-ның бас инженері, бастығы болды.
Әрі қарай еңбек жолы әкімшілікте көрініс тапты: 1981—1983 жылдары Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1983—1987 жылдары Орал қаласы Өнеркәсіптік округтік атқару комитетінің төрағасы, 1987—1988 — Қазақстан Компартиясы Орал қаласы Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, 1988—1989 — Қазақстан Компартиясы Орал қалалық комитетінің екінші хатшысы.
Жақыповтың әкімшіліктегі еңбек жолының сәтті болғаны сонша, 1989 жылы Халық депутаттары Орал қалалық Кеңесінің төрағасы, ал 1992 жылы Орал қаласының әкімі болып тағайындалды.
1993—2000 — Батыс Қазақстан облысының әкімі.
Ендігі еңбек жолы Қазақстан Үкіметінде жалғасын тапты, яғни 2001 жылы Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары, 2003 жылы Қазақстан Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары — Үкіметтің Парламенттегі өкілі болды.
2007 жылдан бастап еңбек жолы заң шығарушы органда, яғни Мәжілісте басталды:
2007—2012 — Мәжілістің 4-сайланым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі; 2012—2016 — Мәжілістің 5-сайланым депутаты; 2012—2014 — Мәжіліс төрағасының орынбасары; 2014—2016 — Мәжіліс төрағасы. 2016—2021 — Мәжілістің 6-сайланым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
Марапаттары «Құрмет» (1999) «Парасат» (2009) II дәрежелі Әулие Даниил ордендерімен марапатталған. ҚР Құрметті құрылысшысы.
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Жақыпова Баян Сейсенқызы (1949 жылы туған). Ұлдары - Жақыпов Жаслан (1974 жылы туған), Жақыпов Аслан (1977 жылы туған). Немерелері - Темірлан (1998 жылы туған), Ерлан (2001 жылы туған), Алан (2002 жылы туған), Дана (2004 жылы туған), Мәдина (2007 ж.т.), Лаура (2008 ж.т.).Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 томҚазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Казталов ауданында туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Батыс Қазақстан облысының әкімдері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің төрағалары Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Орал әкімдері Санат:Орал қалалық атқару комитетінің төрағалары