Достық қонақ үйі – қонақ үй, Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 36.

Сипаты Қонақ үй 1983 жылы салынған. "Қазақтың қала құрылысын жобалау" институтының жобасы (архитектор Ю.Г. Ратушный, В.И. Захаров, конструкторы В.И. Нос) бойынша салынды. Ғимараттың қаңқасы құрама темір-бетон конструкциялы, қабырғалары-кірпіш, ленталы іргетасы - біртұтас темір-бетонды; арқалықтары құрама темір-бетон тақталарынан құралған. Төбесінің пішіні жазық, ішкі суағармен бірлескен, сырты металмен қапталған. Ішкі әрлеуіне түрлі және жасанды жабдықтар қолданған. Вестибюльдің қабырғалары мен едені мәрмәрден, плафондары гипстік элементтерден жасалған. Есік және терезе ойықтары жұқа витраждармен (түрлі-түсті әйнектермен) әшекейленген.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Алматы қаласының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Алматы сәулеті Санат:Алматы ескерткіштері