Есбол Жамалбек (17.5.1934 ж.т., Түркістан облысы Түлкібас ауданы Кершетас ауылы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1992).
Білімі Қазіргі ҚазМУ-дың биология-топырақтану факультетін бітірген (1956). 1959 ж. Қазақстан ҒА Топырақтану ғылыми-зерттеу институтына аспирантураға түсті.
Ғылыми еңбектері Негізгі жұмысының ғылыми бағыты – Түркістан облысы Мақтаарал ауданының топырақ-мелиоративтік жағдайын зерттеп, оны екінші сорланудан құтқару жолдарын қарастыруға арналды. Топырақтану институтының өндірістік тапсырысы бойынша Есбол Жамалбек Маңғыстау түбегінің топырақ-мелиоративтік жағдайларын зерттеп, азық-түлікпен қамтамасыз ету және елді мекендерді көгалдандыру мәселелерімен айналысты. 1973 жылдан ғылыми-зерттеу жұмыстарын Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жүргізді. 10 монографиясы, 8 оқу құралын, 8 кітапша, көптеген ғылыми еңбектер жариялаған.
Марапаттары «Ерен еңбегі үшін» (1970) КСРО-ның Халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің қола (1984) «Еңбек ардагері» медальдарымен (1986) марапатталған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:17 мамырда туғандар Санат:1934 жылы туғандар Санат:Түлкібас ауданында туғандар Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология-топырақтану факультеті түлектері Санат:Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты түлектері Санат:Қазақстан топырақтанушылары Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі қола медалінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері