Қарқылдақ шағалалар () — Татреңтәрізділер отрядының тұқымдасы.
Ұзындығы 21—54 см. Қанаттары үшкірленген, құйрықтары айрланған. Тұмсығының ұшы қармақталмаған, үшкір. Қорек іздеп, аспанда қанатын қағып бір жерде 2—3 с қалқып тұрып алады. Әлемде 10 туыс, 43 түрі бар, оның 5 туысы мен 10 түрі ТМД кеңістігінде таралған. Теңіз жағалаулары өзен және көл жиектерін мекендейді. Ұсақ балықтар және жәндіктермен қоректенеді, далалық аймақтарда кесірткелермен көкқасқа шегірткелерді аулайды.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Қазақстанда олардың 5 туысынан 8 түрдің өкілдері кездеседі. Рас, жүйелеушілердің соңғы негізгі ойы бойынша туыстарлың барлығын (батпақтық туыстардан басқасы) қазір бір туысқа -нағыз қырқылдақтар туысына апаруға саяды.
Дереккөздер
Санат:Шағалалар