Гүлжазира Ахметқызы Ахметова (Молодова) (20.11.1930 жылы туған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка (қазіргі Қалбатау) ауылы) - хор дирижері, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1967).

Уақ тайпасынан шыққан.

Алматы музыка училищесінің (проф. Б.В. Лебедевтің класы бойынша) және Мәскеу консерваториясының (1956) хор-дирижерлік бөлімін бітірген. 1956 жылдан Қазақстанның хор капелласының дирижері, 1961 - 1967 жылдары Алматы музыкалық училищесінде, 1967 - 1969 жылдары Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогика институтында, 1970 жылдан Алматы консерваториясында (аға оқытушы, 1979 жылдан доцент, 1985 жылдан профессор) ұстаздық қызмет етеді.

Халықтар достығы орденімен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен ( 1957) марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:20 қарашада туғандар Санат:1930 жылы туғандар Санат:Жарма ауданында туғандар Санат:Қазақстан хор дирижерлері Санат:Қазақстан музыка педагогтары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Алматы музыка училищелері Санат:Мәскеу консерваториясы түлектері Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты оқытушылары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлары Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері