thumb|right Антонина Исидоровна Круглихина (3.10.1912, Иркутск қаласы - 10.1.1984, Мәскеу қаласы) - опера әншісі, Қазақ КСР-інің халық артисті (1954).
Алматы музыкалық училищесінің вокалдық бөлімін бітірген. 1942 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрында әнші. Круглихинаның репертуарында Татьяна, Лиза (П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегині" мен "Қарғаның мөткесінде"), Купава (НА. Римский-Корсаковтың "Қар қызында"), Ярославна (А.П. Бородиннің "Князь Игорінде"), Тоска (Дж.Пуччинидің осы аттас операсында), т.б. партиялары бар. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:3 қазанда туғандар Санат:1912 жылы туғандар Санат:Иркутскде туғандар Санат:10 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1984 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан опера әншілері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Алматы музыка колледжі түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры әртістері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері