Бақтияр Байқараұлы Тайлақбаев (8.4.1959 ж.т., Қызылорда облысы) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.
Қыпшақ тайпасының Ұзын руының Алтыбас бөлімінен шыққан. Өмірбаяны 1981 ж. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтының Қызылорда бөлімшесін бітірген. 1993 ж. Гнесиндер атындағы Ресей Музыка академиясын бітірген. 1983 ж. "Гүлдер" жастар ансамблінің әншісі, сондай-ақ, "Қазақконцерт" бірлестігінде өнер көрсеткен. 1991 ж. Алматы облыстық филармониясының жанындағы "Наурыз" ансамблінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. 1992 ж. "Талант" мәдени-ағарту орталығының директоры, әрі көркемдік жетекш. Оның репертуарында қазақ және шетел композиторларының әндері бар. Жетістіктері Бүкілодақтық және Халықаралық байқаулардың лауреаты. Марапаттары Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:8 сәуірде туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Қызылорда облысында туғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институты түлектері Санат:Гнесиндер атындағы Ресей Музыка академиясы түлектері Санат:Гүлдер жастар ансамблі әншілері Санат:Қазақконцерт әншілері Санат:Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері