Өрістілік, перспектива ( - анық көріп тұрмын) немесе Аксонометрия ( ) - кеңістіктегі көлемді денелерді бейнелейтін әрі олардың кеңістіктегі құрылымын ескере отырыи орталық жобалау өзгерістеріне негіздейтін тәсіл. Өрістілік Ежелгі Египет (Мысыр) пен Грекияда пайда болды. Кейіннен Қайта өркендеу дәуірінің суретшілері Пьеро делла Франческа, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, т.б. еңбектерінде өрістілік жүйесі дами түсті.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Аксонометрия — тікбұрышты координаталар жүйесімен байланыстырьшған бұйымның жазықтықтағы кескіні. Аксонометрияда бұйыммен бірге координаталар жүйесі де кескінделеді. Аксонометрияны тұрғызу үшін бұйым координаталық жазықтықтардың біреуіне тікбұрыштап проекцияланады. Одан кейін бұйымның, оның тікбұрышты проекциясының және координаталар жүйесінің аксонометриялық проекциялар жазыктығындағы проекциялары салынады. Сондықтан аксонометрияны аксонометриялық проекциялар дейді. Бұйымның аксонометриясына түсіну, оның өзара перпендикуляр жазықтықтардағы проекцияларынан тұратын сызбасына Караганда, оңай. Осыған байланысты Аксонометрияны көрнекі кескіндер қатарына жатқызады. Аксонометрияны қиғашбұрышты, параллель, стандарт, тікбұрышты және центрлік деп ажыратады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Аксонометрия- параллельді проекциялау аркылы елшемдерді проекция естерінің бағытымен белгілі бір шамаға өзгерте отырып заттардың бейнесін сызып көрсету әдісі.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
Дереккөздер
Дереккөздер
Санат:Табиғи құбылыстар Санат:Бейнелеу өнері