Глухая щель, Тереңсай – Сасықкөл көлінің алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданындағы өзен. Тарлаулы асуының солтүстік-батысында, Екінші Тентек өзенінің сол саласы.

Гидрологиясы Ұзындығы шамамен 40 км. Өзен төменгі ағысында Тентек өзеніне құяды. Таулық бөлігінде аңғары тар, терең шатқалмен ағады. Өзен суы Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтар мен жауын-шашын есебінен толығады. Бойында кішігірім өзен салалары мен көлшіктер бар. Су қорын Екінші Тентек өзен суымен бірге егістіктерді мал суару үшін пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы өзендері