Ақыл-есі дұрыс кісілер басқа жерлері науқас болса да, діни міндеттерге жауапты. Бірақ дініміз бұл діни парыздарды атқару үшін оларға жеңілдік көрсеткен.
Намаз оқудағы жеңілдіктер: Науқас кісі әл-қуат, шама-шарқына қарай намаз оқиды. Мысалы, аяқта тұра алмайтын, яки, тұрған жағдайда ауруының күшеюі сияқты жағдайларда, отырып, оған да күші жетпесе, ыңғайына қарай шалқайып немесе жайымен жатып намаз оқиды. Намазды бір нәрсеге сүйеніп аяқта тұрып оқи алатындар сүйеніп оқиды. Ифтитақ (ашу, бастау) тәкбірін аяқта тұрып ала алатын болса, аяқта тұрып алып, қалған намазды шамасына қарай отырып, яки, жатып жалғастырады. Орындыққа отырып оқуға да болады. Отырып оқыған уақытта, мүмкін болса аяқтарын жиған күйде, мүмкін болмаса құбыла жаққа созып оқи береді. Рүкүғ және сәжде ишарат жолымен жасалады. Ишарат: рүкүғда аздау, сәждеде көбірек басты ию арқылы жасалады. Ишаратпен де оқи алмайтындар көз, қас арқылы ишарат жасап оқи алмайды. Ишаратпен де оқи алмайтындар оқи алмаған намаздарының саны 5-тен аз болса, кейіннен қаза етеді. Ал 5-тен көп болса, қазасын өтемейді. Әбу Ханифаның басқа бір пікіріне сүйенсек, кейіннен қазасын өтейді. Науқас адамның алдына сәжде етуі үшін тақтай, жастық, орындық сияқты нәрселер қойылмайды.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Дереккөздер
Санат:Дін Санат:Ислам