Ғұмар Ісләмұлы Дүйсембаев (17 қазан 1956 жыл, Бөрлі ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — қазақ мемлекет қайраткері, Атырау облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2017 жылдан).

Хронологиясы Әкесі - Дүйсембаев Ісләм, марқұм, жүргізуші болып жұмыс істеген. Анасы - Дүйсембаева қанапия, марқұм, әрқилы жұмыстар атқарған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының механикаландыру факультетін (1978) инженер-механик мамандығы бойынша; Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының заң факультетін (1999) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2002 жылдан). 1978 жылдан - Ақтөбе облысы Калинин атындағы ұжымшардың инженері. 1979 жылдан - Орал ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумында оқытушы, 1982 жылдың қаңтарынан қарашасына дөйін - комсомол комитетінің босатылған хатшысы. 1982 жылдан - Орал облысының Бөрлі ауданындағы Победа ұжымшарының мүшесі, бас инженері. 1987 жылдан - Орал облысы Бөрлі ауданындағы «Октябрьдің 40 жылдығы» ұжымшарының партия комитетінің хатшысы, 1990 жылдан - төрағасының орынбасары. 1992 жылдан - БҚО Бөрлі ауданындағы «Красный маяк» ұжымшарының төрағасы. 1995 жылдан - «Бөрлі» агроассоциациясының төрағасы (БҚО Бөрлі ауданы). 1996 жылдан - БҚО Бөрлі ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 1997 жылдан - БҚО Бөрлі ауданының әкімі. 2001 жылдан - БҚО әкімі аппаратының отын-энергетикалық кешен бөлімінің меңгерушісі. 2002 жылдан - БҚО Кәсіпкерлік және отын-энергетикалық кешен департаментінің директоры. 2004 жылдан - БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры. 2007 жылдан - БҚО Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры. 2008 жылдан бері - Батыс Қазақстан облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының (1992-1996) депутаты. Жетістіктері «Құрмет» орденімен (2009), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне Южыл» (2001), медалімен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы подполковник. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан-2030» Бағдарламасында көрсетілген жолмен даму». Хоббиі - кітап оқу, спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - қазіргі заман классикасы. Үйленген. Жұбайы - Дүйсембаева Мағрипа Темірқызы. Қызы - Дүйсембаева Ботагөз (1981 жылы туған); ұлы - Дүйсембаев Тимур (1986 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:БЛКЖО функционерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері