Иіркөл — Қызылорда облысы, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Тасбөгет кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде, Иіркөл көлінің оңтүстік-батысында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 268 адам (137 ер адам және 131 әйел адам) болса, 2009 жылы 112 адамды (57 ер адам және 55 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, емхана, кітапхана, клуб, сауда орталығы, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:Қызылорда қалалық әкімдігі елді мекендері