Байтұрсын Есжанұлы Омарбеков (1946 жыл 14 қыркүйек Талдықорған облысы Панфилов ауданы Лесновка ауылы) - суретші, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999).
Әкесі - Омарбеков Есжан, марқұм. Анасы - Омарбекова Нұрипа, марқұм, үжымшарда жұмыс істеген.
Педагогикалық училищесін (1965); Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін (1969) бейнелеу өнері мен сызудың оқытушысы мамандығы бойынша; И.Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтының жанындағы білім жөтілдіру курстарын (1974); М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1984); Мәскеу жоғары көркемөнер өнеркәсібі училищесін (1989) бітірген. Германияда, АҚШ-та (2001) тәжірибеден өткен. Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясының профессоры (1995 жылдан). Бейнелеу өнерінің мәнері - кескіндеме, графика, мүсін. 5 альбомның автор-құрастырушысы. 3 кітаптың, 50-нен астам мақалалардың және жарияланымдардың, сондай-ақ әртүрлі галереялар және жекеменшік жинақтардағы кескіндемелік, графикалық және мүсіндік шығармалардың авторы. Кескіндеме, графика, мүсін бойынша жұмыстары мемлекеттік мекемелерде, жеке коллекцияларда сақталуда. 1969-1978 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты кескіндеме кафедрасының оқытушысы, 1975 жылдан - көркемсурет-графика факультетінің деканы. 1978 жылдан - Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 1993 жылдан - Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы графикалық дизайн кафедрасының меңгерушісі. 1994 жылдан - Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры. 2007 жылдан - Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. 2009 жылдан бері - ҚР Суретшілер одағының төрағасы. «ИКОМ - Қазақстан» Халықаралық мұражайлар кеңесі Қазақстан қауымдастығының президенті (2001 жылдан).
ЮНЕСКО істері бойынша ҚР ¥лттық комиссиясының (1995-2007); Қазақстанда орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның, Алматы қалалық мәдениет пен өнер ескерткіштері жөніндегі комиссиясының (2003 жылдан), ҚР Білім және ғылым министрлігінің тіркөу кеңесінің (2009 жылдан) мүшесі. «Астана-Бәйтерек» республикалық сыйлығының лауреаты (2005). КСРО Ағарту министрлігінің, КСРО Жоғары және орта білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1999).
Үйленген. Жұбайы - Омарбекова Шахизада Қожағұлқызы (1948 жылы туған), колледж оқытушысы. Қызы - Мәдина (1970 жылы туған); ұлдары - Мағауия (1971 жылы туған), Ғани (1984 жылы туған)Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:14 қыркүйекте туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Панфилов ауданында туғандар Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Репин атындағы институт түлектері Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Мәскеу жоғары көркемөнер өнеркәсібі училищесі түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары Санат:Қастеев атындағы өнер мұражайының директорлары Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Қазақстан суретшілер одағы төрағалары Санат:Астана-Бәйтерек республикалық сыйлығының иегерлері