Мұңлы – Сарыарқаның орталық белігіндегі тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерінде, Шалқия кенішінің солтүстігінде 2 км жерде. Оңтүстік-батыстан солтүстік- шығысқа 10 км-ге созылып жатыр, ені 3 км. Абсолюттік биіктігі 790 м.

Жер бедері Солтүстік және солтүстік-шығыс беткейі жайдақтау келетін екі ұсақ шоқыдан тұрады, етегінде қорым тастың мол үйіндісі бар. Солтүстік беткейінде бұлақтар мен өзен-жылғалар бар.

Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің төменгі және орта бөлімдері жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Ашық қызыл қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, бұталар еседі. Жайылымдық жер және қыстау ретінде пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары