Баян Кәрібайқызы Барманқұлова (22.03.1942 жыл, Алматы қаласында туған) - өнертанушы, өнер тарихшысы. Қазақ.

ӨӨмірбаяны М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің өнер тарихы бөлімшесін бітірген (1965), өнертанушы, өнер тарихшысы. 1965 жылдан - Т. Шевченко атындағы ҚМКГ аға ғылыми қызметкері. 1967-1969 жылдары - УКСР Донецк облысының Горловка қаласындағы көркем галереяның аға ғылыми қызметкөрі. 1969 жылдан - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ этика және эстетика оқытушысы. 1976-1980 жылдары - Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының «Өнер кеңесі» бөлімінің меңгерушісі. 1982-1997 жылдары - Алматы құрылыс-сәулет институтының өнер, сәулет өнері, қала құрылысы мен мәдениет тарихы оқытушысы. 1999-2005 жылдары - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық психологиясы және өнер тарихы пәндерінің оқытушысы. 2009 жылдан бері - Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының жетекші ғылыми қызметкері.

Шығармалары Кітап-альбомдары: «Үкі Әжиев» (1984) «Қазақстан акварелі» (1989) «Қазақстанның бейнелеу өнері» (1990) «Қазақстан портретіне жүз жыл» (2002) «Есімдер достастығы» (2005) Кітаптары: «Қазақстанның өнер тарихы» оқулығындағы тараудың (2006) «Марат Бекеев» (2007) «Абрашид Сыдыханов» (2007) атты кітаптардың; көптеген мақала мен жарияланымның авторы.

Отбасы Әкесі - Барманқұлов Кәрібай Барманқұлұлы (1902-1990), қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Анасы - Жүсіпова Ғалия Ахметжанқызы (1919-1967), «Алматы» кинотеатрының тексерушісі болып жұмыс істеген. Ұлдары - Вербовский Андрей (1966 жылы туған), Вербовский Иннокентий (1968 жылы туған), Вербовский Виктор (1973 жылы түған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1942 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:22 наурызда туғандар Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан өнертанушылары Санат:Қазақстан өнер тарихшылары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқытушылары Санат:Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары Санат:Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы қызметкерлері