Абдаллаһ Ибн Аббас (; `Abd Allah ibn `Abbas, әл-Аббас) (619–686) — Мұхаммед Пайғамбарлық (с.а.у.) немере інісі, Исламға дейінгі тарихи әңгімелерді, Мұхаммед Пайғамбарлық (с.а.у.) жорықтары туралы аңыздарды таратушылардың бірі. Құран мәтінін түсіндіру ілімінің негізін салушы. Бізге жеткен мағлұматтарға қарағанда А. ибн Абдаллаһ. аса зиялы, ғажап білімдар, «қауым ғылымы» деген құрметті атақты иемденген адам. Мұхаммед пен оның сахабалары (с.а.у.) жөнінде айтылған әңгімелерді, хадистерді алғаш рет Абдаллаһ ибн Аббас. жинақтаған. Құранның жекелеген атау сөздеріне этимологиялық тұрғыдан талдау жасаған. Ондағы түсініксіз сөздерді Исламға дейінгі ақындар өлеңдерінен мысал келтіре отырып түсіндірген. Абдаллаһ ибн Аббастың «Құран тәфсірі» деген еңбегі сақталған.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Дереккөздер