Базарбай Сырлыбайұлы Мұстафин (1931, Қарқаралы - 2002) - журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
ҚазМУ-ді бітірген (1955). «Советтік Қарағаңды» (қазір «Орталық Қазақстан») газетінде, Қарағанды телестудиясында қызмет атқарды. 1973 жылы «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясына қайта оралып, зейнеткерлікке шыққанша қызмет атқарады. Белгілі қаламгер, ғалым Р. Сағымбековпен бірге «Қарқаралы» журналын шығаруға қатысты. Ғұмырының соңғы жылдары журналдың жауапты хатшысы, редакторы, құрылтайшысы болды. Көптеген көркем очерктердің мақалалардың авторы.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1981).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан журналистер одағы мүшелері Санат:Орталық Қазақстан газетінің қызметкерлері Санат:Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қарқаралы журналы тұлғалары