Сайран Ахметжанұлы Фазылов - 1948 жылы 6 желтоқсанда Қостанай облысы Затобол ауданының Алыскөл ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Фазылов Ахметжан, марқұм, мұғалім болған. Анасы - Фазылова Бәтима, марқұм, мұғалім болған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1972), сәулетші. Экономика ғылымдарының кандидаты (2003). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан экономикасында қала салу тораптарын қалыптастыру». ҚазБСҚА (1998 жылдан), Халықаралық Сәулет академиясының (Мәскеу қаласы, 2003 жылдан) профессоры. Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі (2001 жылдан). Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1972 жылдан - Алматы қаласындағы Абаттандыру басқармасында сәулетші, аға сәулетші, ӨМК жетекшісі. 1978 жылдан - Алматы қаласының Бас сәулетшісінің орынбасары. 1985 жылдан - Алматы облысының Бас сәулетшісі. 2002 жылдан - Алматы қаласы бойынша құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің сәулеттік-құрылыстық бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы. 2004 жылдан - «Қуат» корпорациясының бас сәулетшісі, «Қуат-жоба» институтының директоры. 2006 жылдан - «Arkaz engineering» ЖШС директоры. 2008 жылдан бері - Алматы қаласы Сәулет және қала салу басқармасының бастығы, бас сәулетшісі. Қазақстан Дизайнерлер одағының вице-президенті, Қазақстан қала салушылар одағының вице-президенті. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі (1989) сыйлығының, Жамбыл атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың Южылдығы» (2008) медальдарымен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1986) марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қызметкері (1998). ҚР Құрметті сәулетшісі (2004).

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның болашағы аса үлкен». Хоббиі - фотохроника. Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер.

Үйленген. Жұбайы - Фазылова Мадина Әбжәлиқызы, зейнеткер, мұғалім болған. Ұлы - Фазылов Санжар Сайранұлы, сазгер, көптеген байқаулар лауреаты.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар