Ерсайын Ахметуәлиұлы Нәбиев (14.08.1960, Өскемен) - Мәжіліс депутаты. Қазақ.
Өскемен педагогикалық институтын (1983) тарих мұғалімі мамандығы бойынша; Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің аспирантурасын (1991); С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (1996) заңгер-құқық зерттеуші мамандығы бойынша; Қазақстан-Америка еркін университетін (2002) экономист мамандығы бойынша бітірген.
Педагогика ғылымдарының докторы (2003). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасында кәсіби білімнің теориясы мен әдістемесін қалыптастыру және дамыту».
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ құрметті профессоры.
1978 жылдан - Өскемен қаласы №25 орта мектебінің тарих мұғалімі. 1986 жылдан - Өскемен педагогика инсти- тутының педагогика кафедрасының оқытушысы (қазіргі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ). 1988 жылдан - Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университе- тінің аспиранты. 1991 жылдан - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми- зерттеу орталығы бастығының орынбасары. 1993 жылдан - Қазақстан Республикасы ҰҒА Шығыс бөлімшесінің ғылыми хатшысы. 1994 жылдан - С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сыртқы байланыстар және коммерция жөніндегі проректоры, 1995 жылдан - қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының директоры, 1998 жылдан - С. Аманжолов атындағы ШҚМУ экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры. 1999 жылдан - Шығыс Қазақстан классикалық университетінің ректоры. 2001 жылдан - Қазақстан-Америка еркін университетінің вице-президенті. 2003 жылдан - С. Аманжолов атындағы ШҚМУ аға ғылыми қызметкері, педагогика кафедра- сының профессоры. 2004 жылдан - ¥лттық білім беру және тестілеу мемлекеттік стандарттары орталығы Өскемен филиалының директоры. 2005 жылдан - С. Аманжолов атындағы ШҚМУ проректоры. 2007 жылдан - Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы. 2009 жылдың қазанынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының бастығы.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаттығына кандидаты (2004).
«Отан» РПП саяси кеңесінің мүшесі (2006-2007). «Нұр Отан» ХДП бюро мүшесі.
«Астананың 10 жылдығы» медалімен (2008) марапатталған. Қазақстан Республикасы білім беру саласының Құрметті қызметкері. Қазақстан Республикасы Президентінің, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының, академик A.M. Ғазалиевтің алғыс хаттарымен ескерілген.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:14 тамызда туғандар Санат:1960 жылы туғандар Санат:Өскеменде туғандар Санат:Шығыс Қазақстан университеті түлектері Санат:Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақстан-Америка еркін университеті түлектері Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессорлары Санат:Шығыс Қазақстан классикалық университетінің ректорлары Санат:Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті тұлғалары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің III шақырылымының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері