Дүйсембай – Қалмаққырылған өзенінің саласы.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде. Ұзындығы 110 км, су жиналатын алабы 1,7 мың км².
Бастауы Майтөбе тауының беткейіндегі бұлақтар мен Тасқұдық бұлағының (Қарсақпай қалашығының батысында 7-8 км жерде) қосылуынан түзіліп, Қарадыр мекенінен шығысырақ Қалмаққырылған өзеніне оң жағынан кұяды.
Гидрологиясы Жағасы биік, жарқабақты, арнасы ирелең. Кектемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жекелеген қарасуларға бөлініп қалады. Арнасы жоғары ағысында тар әрі терең, сағасында 50 — 60 м-ге дейін кеңейеді. Ірі салалары: Елемессай, Төретамсай, Тоқалсай, Қырықсай. Өзен алабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Өзен суы ауыз суға және мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері