Серік Тілеулесұлы Шаңғұтов (1953 жылы 20 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар ауданыда туған) — физика, математика пәнінің мұғалімі, қоғам қайраткері. Экономика ғылымдарының канидидаты (2005). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009). Еңбек ардагері.

Толығырақ Серік Тілеулесұлы 1953 жылы 20 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жылан бекетінде дүниеге келген. Әкесі - Шаңғұтов Тілеулес. Анасы - Шаңғұтова Мауыты. Білімі 1975 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. физика, математика пәндерінің мұғалімі. 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын жоспарлау факультетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылы ҚМЭБИ саясаттанушы, жоғары және орта оқу орындарында әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Экономика ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Ақтөбе облысындағы қой шаруашылығының тиімділігі». 2006 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Еңбек жолы 1970 жылдан - Ақтөбе облысының Шалқар 50-жол бөлігі қашықтық жолдарының жөндеушісі. 1971 жылдан - Ақтөбе институтының студенті. 1975 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы №456 орта мектептің математика мұғалімі. 1976 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1977 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы №49 орта мектептің математика мұғалімі. 1978 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1982 жылдан - бірінші хатшысы. 1984 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Уркачевский» кеңшарында партия комитетінің хатшысы. 1986 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық партия комитетінің хатшысы. 1991 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1992 жылдан - «Жұрын» кеңшарының директоры (Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы). 1994 жылдан - «Жұрын» АҚ президенті (Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы). 2002 жылдан - «Құмжарған» ЖШС директоры (Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы). 2006 - 2016 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі.

Қоғамдық қызметі 1982 - 2003 жылдары Мұғалжар аудандық Халық депутаттары кеңесінің, Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаты. 2003 - 2006 жылдары Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты.

Марапаттары 2001 - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі 2005 - «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі 2005 - «Тыңға 50 жыл» медалі 2005 - Шапағат медалі 2005 - Экономика ғылымдарының канидидаты 2008 - "Астанаға 10 жыл" медалі 2008 - «ҚР Мемлекеттік қызметі жөніндегі агенттікке 10 жыл» медалі 2009 - Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері 2009 - РФ Қорғаныс министрлігінің "Ерен еңбегі үшін" медалі 2010 - Құрмет ордені 2011 - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі 2013 - Бауыржан Момышұлы атындағы "Батыр шапағаты" медалі 2013 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ісінің үздігі 2013 - Нұр отан партиясының "Белсенді қызыметі үшін" медалі 2015 - «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі 2016 - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі 2016 - Парасат ордені Еңбек ардагері медалімен марапатталған.

Жеке қасиеттері Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемдік қауымдастыққа мойындалған қазақстандық мемлекеттілікті құру». Хоббиі - спорт, көркем әдебиет. Сүйіп оқитын әдебиетшілері - А. Кұнанбаев, М. Әуезов, Ә. Кекілбаев.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Шаңғұтова Базар Молдағазықызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Қызы - Шаңғұтова Динара Серікқызы (1982 жылы туған), Алматы қ. «Делойт & Туш» халықаралық фирмасының аудиторы; ұлы - Шаңғұтов Аслан Серікұлы (1984 жылы туған), «Темірбанк» АҚ басқарушы директоры.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері