Грибной – Зеренді көлінің оңт.-батысындағы қоныс. Ақмола облысы Зеренді ауданында. Зеренді тауының шығысында орналасқан. Жанынан Көкшетау – Атбасар автомобиль жолы өтеді. Таудың қара және қызғылт топырағында емен, қарағай өседі. Аласа таулы бөктері шалғынды келген. Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Санат:Табиғат