Шұбарайғыр – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жеріндегі тау. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр, ені 10 км.
Жер бедері Ең жоғарғы биіктігі — 1063 м. Беткейлері тегістеліп өңделген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік жөне шығыс тау етегінде қорымтастың мол үйінділері шоғырланған. Бұлақтарға бай.
Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортандау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, бұталар өседі. Жайылымдық жерлер мен қыстаулар барҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5.
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары