Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (1920-1991) — КСРО жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, одақтас кеңестік социалистік республика. Аумағы жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші орында. Халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды.
Мемлекеттік құрылым 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясымен айқындалған.
Саяси тарихы
I. Генезис, 1920-1936 1920 жылы 26 тамызда бастапқыда РКФСР құрамындағы «Қырғыз АКСР-і» болып құрылды, астанасы Орынбор болды.
1925 жылы қазақ халқының тарихи атауы қалпына келтіріліп, «Қазақ АКСР-і» деп өзгертілді. Астанасы Қызылордаға, кейіннен 1929 жылы Алматыға көшірілді.
II. Сталиндік кезең, 1936-1941 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясы бойынша Қазақстан автономиялық республикадан одақтас республика мәртебесіне (Қазақ КСР) ие болды.
1. Коллективизация
2. Саяси қуғын-сүргін
3. Индустриализация
III. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан, 1941-1945
1. Мобилизация және ұлттық құрам дайындау
2. Өнеркәсіп мен халықты Қазақстанға көшіру
3. Тыл жұмыстары
IV. Соғыстан кейінгі кезең, 1946-1953
V. Хрущев кезеңі және Тың игеру, 1954-1964
1.Тың эпопеясы
2. Байқоңыр және әскели полигондар
VI. Д.Қонаев кезеңі, 1964-1986
VII. Қайта құру және дағдарыс кезеңі, 1986-1991
1. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
2. Экономикалық реформалар мен ашықтық
3. Тәуелсіздік декларациясы 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, Қазақстан Республикасы деп атала бастады.
Мемлекеттік-саяси құрылымы Жоғарғы билік органдары Қазақ КСР-індегі билік халық депутаттарының Кеңестері арқылы жүзеге асырылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі — республиканың мемлекеттік билігінің ең жоғарғы органы. Ол бір палатадан тұрды және тең сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру жолымен 5 жыл мерзімге сайланды. Өкілдік нормасы: 27 мың тұрғынға 1 депутаттан келді.
Жоғарғы Кеңес республиканың Конституциясын қабылдауға, мемлекеттік жоспарлар мен бюджеттерді бекітуге және үкімет органдарын құруға құқылы жалғыз заң шығарушы орган болды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы — Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы тұрақты жұмыс істейтін орган және республиканың жоғары мемлекеттік билік органы. Ол Жоғарғы Кеңес депутаттарының арасынан сайланды.
+ 1-кесте. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлаулар Сайлаушақырылымы Сайлаужылы Депутаттарсаны Оның ішінде КПССмүшелері Жұмысшылар Колхозшылар Әйелдер 1 1938 300 241 112 116 60 2 1947 300 240 114 118 74 3 1951 400 282 116 102 149 4 1955 425 315 114 165 131 5 1959 450 312 130 88 146 6 1963 473 313 175 56 158 7 1967 476 315 191 43 160 8 1971 482 319 197 44 170 9 1975 490 324 205 40 174 10 1980 510 336 221 34 182
+ 2-кесте. Қазақ КСР-індегі жергілікті Кеңестерге сайлаулар Сайлаушақырылымы Сайлаужылы Депутаттарсаны Оның ішінде КПССмүшелері Жұмысшылар Колхозшылар Әйелдер 1 1939 48763 19569 5540 27020 16096 2 1948 53414 28391 6014 25839 18195 3 1950 57481 27894 5790 14928 20408 4 1953 58796 29914 5882 14357 20007 5 1955 64554 33653 8088 24423 20853 6 1957 69224 35338 14448 21406 22164 7 1959 81481 39811 22692 21888 26694 8 1961 84267 41834 25099 20737 28399 9 1963 98813 44831 42076 11999 37495 10 1965 102952 45884 46166 11345 39585 11 1967 105756 47191 48435 10437 40626 12 1969 109163 46729 55865 10833 47178 13 1971 117759 46739 61636 11167 50284 14 1973 117155 48268 58594 11390 54703 15 1975 120695 48905 69312 11789 57191 16 1977 123269 49713 72044 11684 59326 17 1980 125662 50986 74327 11612 61461
Атқарушы билік Қазақ КСР Министрлер Кеңесі — мемлекеттік биліктің жоғарғы атқарушы және өкім етуші органы. Оны Жоғарғы Кеңес құрды. Министрлер Кеңесі мемлекеттік басқару органдарының жұмысын үйлестіріп, республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуына басшылық жасады.
Жергілікті билік органдары Жергілікті жерлердегі мемлекеттік билік органдары — облыстық, аудандық, қалалық, қалалық аудандардағы, поселкелік және ауылдық Халық депутаттарының Кеңестері болды. Олар 2,5 жыл мерзімге сайланды.
Сот жүйесі және прокуратура Қазақ КСР Жоғарғы Соты — республиканың ең жоғарғы сот органы. Оны Жоғарғы Кеңес 5 жыл мерзімге сайлады. Оның құрамына Төраға, оның орынбасарлары, мүшелері және халық заседательдері кірді.
Облыстық соттар, Алматы қалалық соты және аудандық (қалалық) халық соттары тиісті Кеңестер немесе азаматтар тарапынан сайланды.
Жоғарғы қадағалауды КСРО Бас прокуроры 5 жыл мерзімге тағайындайтын Қазақ КСР Прокуроры жүзеге асырды.
+ Қазақ КСР-інің мемлекеттік органдарының құрылымы Мемлекеттік билік органдары Мемлекеттік басқару органдары Сот әділдігі Прокурорлық қадағалау Арбитраж Жоғарғы органдар Жергілікті органдар Жоғарғы атқарушы және өкімдік органдар Салалық орталық басқару органдары Жергілікті басқару органдарыЖоғарғы Кеңес Жоғарғы Кеңес ПрезидиумыОблыстық Кеңестер Аудандық Кеңестер Қалалық Кеңестер Ауылдық және селолық КеңестерМинистрлер Кеңесі Министрлер Кеңесінің ПрезидиумыОдақтық-республикалық және республикалық министрліктер Мемлекеттік комитеттер Орталық ведомстволарОблыстық атқару комитеттері Аудандық атқару комитеттері Қалалық атқару комитеттері Ауылдық және селолық атқару комитеттеріЖоғарғы Сот Облыстық соттар Қалалық соттар Аудандық (қалалық) соттарБас Прокурор Облыстық прокурорлар Қалалық прокурорлар Аудандық прокурорларМемлекеттік арбитраж Облыстық арбитраж Қалалық арбитраж
Коммунистік партия ролі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақ КСР Мемлекеттік гимні
Әкімшілік-территориялық құрылымы
Шекара Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.
Ішікі құрылымы
Урбанизация
Халқы Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен. + 1970 жылғы санақ бойынша Қазақ КСР халқының ұлттық құрамы Ұлт Саны (мың адам) Негізгі қоныстанған жерлері Орыстар 5 522 Республиканың барлық аймақтары Қазақтар 4 234 Жергілікті халық Украиндар 933 Солтүстік облыстар (тың жерлер), қалалар Татарлар 288 Қалалар мен ауылдық жерлер Өзбектер 216 Оңтүстік өңірлер Белорустар 198 Тың игерілген аймақтар Ұйғырлар 121 Іле өзенінің жоғарғы ағысы Корейлер 82 Алматы және Қызылорда облыстары Дүнгендер 17 Оңтүстік өңірлер + Қазақ КСР халқының тығыздығы (аймақтар бойынша) Аймақ сипаттамасы Тығыздық (адам/1 км²) Оңтүстік тау бөктерлері мен шұраттар > 100 Солтүстік (қара топырақты, орманды дала) ~ 20 Республика бойынша орташа көрсеткіш 5,1 Батыс, Орталық, Оңтүстік шөлдері 1,4 — 1,8
1974 жылы 50 000 астам халқы бар қалалардың саны 27-ге жетті, 100 мыңнан артық халқы бар 16 қала болды, оның ішінде 2 қаланың халқы 500 мыңнан асты (Алматы 813 мың, Қарағанды 559 мың). Алматыда 1926 жылы 45,4 мың халық тұрса, 1974 жылы 813 мың болды.
Қарағандыда Теміртау (192 мың), Балқаш (80 мың), Жезқазған (74 мың), Маңғыстауда — Шевненко (89 мың), Солтүстік Қазақстанда Рудный (105 мың), Ермак, Арқалық, Екібастұз, Оңтүстік Қазақстанда — Қаратау, Кентау, Текелі секілді ірі индустрия орталықтары құрылды. + 8-кесте. Қазақ КСР облыстары бойынша халықтың тығыздығы және қала халқының үлесі (1980 ж. 1 қаңтар) Облыстардың атауы Аумағы(мың км²) Халық саны(мың адам) Халық тығыздығы(1 км²-ге) Қала халқыныңүлесі (%) Барлық халық Ауыл халқы Қазақ КСР (барлығы) 2717,3 14838 5,5 2,4 54 Ақтөбе облысы 298,7 641 2,1 1,8 43 Алматы облысы 104,7 870 17,4 6,3 19 Шығыс Қазақстан облысы 97,3 884 9,1 3,4 63 Гурьев облысы 113,0 373 3,3 1,2 59 Жамбыл облысы 144,6 940 6,5 3,5 43 Жезқазған облысы 313,4 453 1,5 0,3 73 Қарағанды облысы 85,4 1200 14,5 2,0 85 Қызылорда облысы 228,1 574 2,5 1,7 64 Көкшетау облысы 78,4 620 7,9 3,2 35 Қостанай облысы 114,5 940 8,3 4,4 48 Маңғыстау облысы 166,6 261 1,6 0,1 85 Павлодар облысы 127,5 811 6,4 2,8 51 Солтүстік Қазақстан облысы 44,3 574 13,0 7,1 44 Семей облысы 179,6 778 4,3 2,1 48 Талдықорған облысы 118,5 610 5,7 3,3 40 Торғай облысы 111,9 276 2,5 1,5 33 Орал облысы 151,2 589 3,9 2,4 38 Целиноград облысы 124,6 810 6,5 2,7 58 Шымкент облысы 116,3 1592 13,7 7,7 40
+ Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%, 1939–1979 жж.) Ұлт 1939 1959 1970 1979 Қазақтар 38,0 30,0 32,6 36,0 Орыстар 40,2 42,7 42,4 40,8 Украиндар 10,8 8,2 7,2 6,1 Татарлар 1,7 2,1 2,2 2,1 Өзбектер 1,7 1,5 1,7 1,8 Белорустар 0,5 1,2 1,5 1,2 Ұйғырлар 0,6 0,6 0,9 1,0 Кәрістер 1,6 0,8 0,6 0,6 Дүнгендер 0,1 0,1 0,1 0,2 Басқа ұлттар 4,8 12,8 10,8 10,2
+ 3-кесте. Халықтың тууы, өлімі және табиғи өсімі (1000 адамға шаққанда) Жыл Туылым Өлім-жітім Табиғи өсім 1913 44,8 28,9 15,9 1940 40,8 21,4 19,4 1950 37,6 11,7 25,9 1960 37,2 6,6 30,6 1970 23,4 6,0 17,4 1971 23,8 6,0 17,8 1972 23,5 6,3 17,2 1973 23,2 6,5 16,7 1974 24,1 6,7 17,4 1975 24,3 7,2 17,1 1978 24,4 7,4 17,0
+ 4-кесте. Қазақстандағы әйелдердің жас ерекшелігі бойынша туу коэффициенттері (1969–1970 жж.) Жас топтары(жас) 1000 әйелге шаққандағы туғандар саны Барлықәйелдер Қазақәйелдері Орысәйелдері 15–49 96,3 162,7 59,9 15–19 30,0 18,4 33,3 20–24 192,4 221,5 159,6 25–29 178,0 291,7 106,9 30–34 135,1 282,2 69,5 35–39 83,5 219,5 33,7 40–44 34,1 100,0 9,8 45–49 9,0 29,3 1,1
+ 2-кесте. Халықтың жас құрылымы және ерлер мен әйелдер арақатынасы (1959–1970 жж.) Жас топтары(жас) Жас құрылымы(%, барлық халықтан) 1000 әйелгешаққандағы ерлер саны 1959 1970 1959 1970 Барлық халық 100 100 905 928 0–4 15,4 11,9 1038 1029 5–9 12,4 13,4 1028 1031 10–14 7,8 12,2 1049 1035 15–19 8,3 9,7 1075 1051 20–24 10,7 7,3 1054 1040 25–29 7,9 5,9 1048 990 30–34 8,5 8,9 876 1031 35–39 4,8 5,7 683 1045 40–44 4,4 6,5 694 887 45–49 4,6 3,8 704 691 50–54 3,9 2,8 721 664 55–59 3,5 3,5 523 590 60 жас және одан жоғары* 7,8 8,4 656 562
+ 1-кесте. Халық санының өзгеруі және қала халқы үлесінің өсуі Жыл Халық саны(мың адам) Қала халқы(мың адам) Ауыл халқы(мың адам) Қала халқыныңүлесі (%) 1897 4333 303 4030 7,0 1913 5557 541 5056 9,7 1926 6025 519 5506 8,6 1939 6082 1690 4392 27,8 1951 6813 2675 4138 39,3 1959 9295 4067 5228 43,8 1970 13009 6538 6471 50,3 1976 14209 7506 6703 52,8 1977 14501 7769 6732 54,4 1980 14858 8070 6788 54,0
+ 1972 жылғы Қазақ КСР халық шаруашылығындағы жұмыспен қамту Сала Жұмысшылар саны (мың адам) Өнеркәсіп 1 095 Ауыл шаруашылығы 1 002 Құрылыс 568 Көлік және байланыс 588 Барлығы (республика бойынша) 4 971
+ 1974 жылғы Қазақ КСР ірі қалаларының халық саны № Қала Аймақ / Санат Халық саны (мың адам) 1 Алматы Республика астанасы 813 2 Қарағанды Орталық Қазақстан 559 3 Шымкент Оңтүстік Қазақстан 284 4 Семей Шығыс Қазақстан 265 5 Өскемен Шығыс Қазақстан 252 6 Павлодар Солтүстік Қазақстан 228 7 Тараз (Жамбыл) Оңтүстік Қазақстан 228 8 Теміртау Орталық Қазақстан 192 9 Ақтөбе Батыс Қазақстан 170 10 Рудный Солтүстік Қазақстан 105 11 Шевченко (Ақтау) Маңғыстау 89 12 Балқаш Орталық Қазақстан 80 13 Жезқазған Орталық Қазақстан 74
Қазақстанда Совет билігінің орнауы 1917 жыл 30 қазан — Перовскіде (Қызылорда) Кеңес өкіметі орнады. Қарашаның басы — Шымкентте Кеңес өкіметі орнады. 6 қараша — Әулиеатада (Жамбыл) Кеңес өкіметі орнады. 14 қараша — Орынборда Әскери-революциялық комитет құрылып, қалада Кеңес өкіметін жариялады. 22 қараша — Петропавлда Кеңес өкіметі орнады. 2 желтоқсан — Ордада (Бөкей Ордасы) Кеңес өкіметі орнады. 2–12 желтоқсан — Батыс Сібір Кеңестерінің съезі Дала өлкесінде (Ақмола және Семей облыстары) Кеңес өкіметін жариялады. 25 желтоқсан — Қостанай мен Ақмолада Кеңес өкіметі орнады.
1918 жыл 8 қаңтар — Ақтөбеде Кеңес өкіметі орнады. 12 қаңтар — Атбасарда Кеңес өкіметі орнады. 15–16 қаңтар — Орал облыстық шаруалар депутаттарының съезі облыста Кеңес өкіметін орнату туралы шешім қабылдады. 18 қаңтар — Өскеменде Кеңес өкіметі орнады (және Орынбор ақ гвардияшылардан толық азат етілді). 19 қаңтар — Павлодарда Кеңес өкіметі орнады. 16–17 ақпан — Семейде Кеңес өкіметі орнады. 2–3 наурыз — Верный қаласында (Алматы) Кеңес өкіметі орнады.
Негізгі саяси оқиғалар 1920 жылғы 26 тамыз — Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының (АКСР) құрылуы.