Әлихан Бөкейхан ауданы (бұрынғы Октябрь ауданы)Қарағандының Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан деп аталды — Қарағанды қаласының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жерінің ауданы 226 км². Халқының саны 226,1 мың (2023)Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға) .

Аудан тарихы Қарағанды қаласы 1938 жылы 29 маусымда алғаш рет аудандарға бөлінген кезде, Киров, Ленин аудандарымен бірге Сталин ауданы құрылды.

1945 жылы 5 қаңтарда Сталин ауданының шағындалуынан Железнодорожный, Ленин ауданының шағындалуынан Шахта аудандары құрылды.

1961 жылы 14 қарашада Сталин ауданы Октябрь ауданы болып өзгертілді.

1963 жылы 7 қаңтарда Шахта ауданы Киров ауданымен біріктірілді.

1969 жылы 14 мамырда Ленин, Киров аудандарының шағындалуынан Совет ауданы құрылды.

1988 жылы 9 шілдеде Железнодорожный ауданы таратылып, Октябрь ауданына қосылды.

1990 жылы 13 қыркүйекте Железнодорожный ауданы бұрынғы шекарасында қалпына келтірілді.

1997 жылы 14 сәуірде Железнодорожный ауданы, 23 мамырда Киров ауданы таратылып, Октябрь ауданының құрамына енді.Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының тарихы бойынша анықтама (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2006 ж.)

2021 жылы желтоқсанда аудан атауы ресми түрде саясаткер, қоғам қайраткері, Алаш партиясының жетекшісінің құрметіне Әлихан Бөкейхан ауданы болып өзгертілді.

Статистика КөрсеткіштерАудан халқының саны (мың адам)Аудан аумағы, (мың га)Көшелер саныШағын аудандарКварталдарҚиылыстарБасқаларТұрғын үйлер барлығы, оның ішінде-көпқабатты-жеке сектор Қазыбек би 226,31522,4 мың га.28318352613051104512006 Майқұдық137,16515312141955753620 Пришахтинск61,31653-34164643446120 Сортировка. 27,953--6423921262266

Кәсіпорын АуданыЫда 23 өнеркәсіп орны жұмыс істейді, онын ішінде көмір шахтасы (Костенко атыңдағы), 2 байыту фабрикасы, жылыту жабдығы («ArcelorMittal Теміртау» компаниясы) және металл конструкция («Имсталькон» компаниясы) з-ттары, «Қарағанды ауыл шаруашылық машиналары» з-ты (қазіргі «Қазақмыс» корпорациясының КЛМЗ зауыты), «Құрылыс пластмасса» комбинаты, шұлық-ұйық фабрикасы, «Динамо» спорттық бұйымдары фабрикасы бар (қазіргі «Восток» мебель фабрикасы). Мұңда 14 балалар мекемесі, 43 жалпы білім беретін, 4 кәсіптік-тех. училище, Жаңа Майкұдық Мәдениет үйі, 79 кітапхана, аурухана, 4 емхана жұмыс істейді. Октябрь ауданда ірі Майқұдық (Жаңа Майқұдык) тұрғын аймағы орналаскан. Ауданның басты жол тораптары — Майкұдықтас жолы, Архитектура, Карл Маркс, Магнитогорск, Новошоссейная к-лері. 1988 ж. ауданға Қарағандының солтүстігіндегі Теміржол ауданы 1997 ж. Киров ауданына қосылдыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5.

Бөлінуі Майқұдық: Курьяновский Шахтерский (шағын аудан) Сахалин Пришахтинск: Ескі Тихоновка Тихоновка Финский кенті 2-ші кеніш Шахтёрский кенті және т.б. Сортировка: Рабочий кенті Компанейск Цемзавод ЖБИ ауданы (60-шы шахта ауданы) Горбачев және Костенко атындағы шахталардың маңында шағын елді мекендер бар.

Әкімдері Кариполла Мұқатов (1998—1999) Дәулет Сәрсенбаев (2002-2005) Анатолий Эссе (2005-2006) Сергей Касимов (2006-2011) Нұрлан Әубәкіров (2011-2012) Қайрат Бегімов (2012-2013) Ержан Темірханов (2013-2017) Әлімжан Қанаев (2017-2018) Мейрам Қожықов (2018-2022) Саят Шаймин (2022-2023) Досбол Күлекеев (2023-)

Тағы қараңыз Қазыбек би ауданы

Дереккөздер

Санат:Қарағанды аудандары