Амангелді Әбдірахманұлы Жангереев (6 маусым 1949 жылы туған, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Ақсай ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), Орталық Азия Халықаралық академиясының академигі (1999).

Өмірбаяны Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1973 қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ассистент (1975–77) КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Орталық туберкулез ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1977–81) Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында доцент, кафедра меңгерушісі, проректоры (1991–97) Қазақстан Республикасы Өкпе ауруы проблемалары ұлттық орталығының директоры (1997–99) қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі.

Ғылыми еңбектері Жангереев 178 жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.

Марапаттары Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты (1985).

Дереккөздер

Санат:6 маусымда туғандар Санат:1949 жылы туғандар Санат:Қобда ауданында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының профессорлары Санат:Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының иегері