Ольга Валентиновна Перепечина (23 тамыз 1957, Солтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық саясаткер, қаржыгер және экономист, 2026 жылдан бергі Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы.

Бұрын Перепечина 2014–2026 жылдары Парламент Сенатының депутаты және 2022–2026 жылдары Парламент Сенаты төрағасының орынбасары болатын.

Өмірбаяны Перепечина Қорған ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1989), ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы экономист.

1989 жылдан ол — «Новокаменск» кеңшарының еңбек және еңбекақы жөніндөгі экономисі, бас экономисі (Солтүстік Қазақстан облысы Бешкөл ауданы Новокаменка кеңшары).

1996 жылдан ол — Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі м.а., меңгерушісі.

1997 жылдан Перепечина — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Бескөл ауылы).

1999 жылдан ол — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық қаржы басқармасының бастығы.

2002 жылдан ол — Солтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасының бастығы.

2011 жылдан ол — Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаменті бастығының орынбасары, бастығы.

2014 жылдан бері ол — Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.

2026 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде Әділет партиялық тізімі арқылы 2026 жылғы 27 тамызда Қазақстан Құрылтайының депутаты атанды. 28 тамыз күні Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланды.Құрылтайда қандай комитеттер құрылды және оларды кім басқарды

Перепечина «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; Солтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің құрмет грамотасымен (2003) марапатталған.

Перепечина тұрмыс құрған. Жұбайы — Юрий Леонидович Перепечин (1965 жылы туған). Қыздары: Ирина Юрьевна (1990 жылы туған) мен Анастасия Юрьевна (2000 жылы туған) Перепечиналар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары